ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Павлодарда жүк көлігі әйел адамды қағып кетті

Қазіргі уақытта тексеріс жүргізілуде 

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда жүк көлігі әйел адамды қағып кетті. Бұл факті облыстық полиция департаментінде тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz- ке сілтеме жасап.

Ломов пен Ворушин көшелерінің қиылысында «ГАЗ-52» маркалы автомобильдің 62 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«Әйел жолды бағдаршамның рұқсат беретін сигналына кесіп өтіп бара жатқан. Аталған факті тіркелді. Сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіледі», - деді Полиция басқармасындағылар.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен 43 жастағы адамды Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасына жеткізген.

«Тексеру кезінде науқас жүк көлігінің дөңгелектерінің оң жағында жатты. Көзге көрінетін зақым болған жоқ, бірақ ол аяғын сезбеді, жамбас сүйектерінің қатты ауырғаны байқалды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар. 

Оның жағдайы тұрақтанғаннан кейін хирургиялық араласу жоспарлануда.