«Әминді» дауыстап айтқан азаматқа жарты миллион айыппұл салынды

Azattyq Rýhy
02.12.2019, 15:54

Бұдан бір жыл бұрын әкімшілік жаза арқалаған С.Досмұханов мешіттің тәртібін тағы да өрескел бұзған

Атырау қаласында үстінен әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалған Салауат Досмұхановқа  505 000 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy Durbi.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұдан бір жыл бұрын әкімшілік жаза қолданылған С.Досмұханов мешіттің тәртібін тағы да өрескел бұзған. Яғни, биылғы 28 қыркүйек күні  20 сағат 45 минут шамасында Атырау қаласындағы «Иманғали» орталық мешітінінің тәртібіне бағынбай, «Құптан» намазы үстінде имамның ғибадат ету тәртібін сақтауға шақырған сөзін тыңдамай, оған қарсы шығып, «Әмин» сөзін дауыстап айтқан.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Республикалық ислами діни бірлестігі мешіттерінің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес, мешітке келушілер Ханафи мазхабына сай құлшылық жасауға, намаздағы «Әмин» дұғасын іштей айтуға міндетті екенін біле тұра, азамат намазға ұйыған мешіт жамағатының тыныштығын бұзған. Намазда имамның артында бірінші қатарда тұрып «Әмин» сөзін дауыстап айтқан С.Досмұханов  өзіне ескерту жасаған мешіт қызметкерлеріне дөрекі мінез көрсетіп, айқайлап сөйлеп, олармен жағаласып, алысқан.

Сот отырысында С.Досмұхановтың кінәсі мешіттің бейнежазбасы арқылы және  сол намаз кезінде жанында тұрған адамдардың куә болуымен толығымен анықталды. Куә болғандар оның мешіттің ішкі тәртібін үнемі осылай бұзатынын айтты.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Салауат Досмұхановты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы ҚР Кодексінің 490-бабының 8-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасау бойынша кінәлі деп танып, оған жаза ретінде 505000 (бес жүз бес мың) теңге әкімшілік айыппұл салуға шешім шығарды.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
‡àãðóçêà...
Өзге де қызықты мақалалар
Қызылордада көлік апатынан екі адам көз жұмды
БҚО-да полицей ер адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
Алматыда 53 жастағы ер адам көршінің мүгедек қызын азаптап зорлаған

Сұхбат
Уролог-андролог маман Максет Рысбаев дені сау сперматозоидтар шығара алмайтын жігіттердің көбеюінің бір себебі - туғаннан жаялығы шешілмейтін балалар санының артуымен деп есептейді
«Абайдың 45 сұрағына» Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова жауап берді
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған