$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.02.2021, 14:56
Оқиғалар

Байқоңырда жоғалған екінші бала әлі табылмады

 Оны Ресей мен Қазақстанның құтқарушылары бірігіп іздестіруде 

Байқоңырда жоғалған екінші бала әлі табылмады
Фото: ашық дереккөзден

Байқоңырда Ресей Федерациясы ішкі істер қызметі мен Қазақстан Республикасының құтқарушылары бірлесіп, жоғалған баланы іздеу жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысы ТЖД басшысының орынбасары Саид Молдақараевтың қатысуымен «Байқоңыр қаласында жоғалған баланы іздеу жұмыстары туралы» тақырыбында өткен брифингте айтылды. 

«Ағымдағы жылдың 21 ақпанында 11-ден 10-минут кеткенде Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласында ТЖД Жедел құтқару жасағы күштері (10 құтқарушы, оның iшiнде 1 психолог, 1 кинологиялық есеп - ит және 1 техника бірлігі, 1 жүзу  құралы) 2013 жылы туған А.Е. мен 2013 жылы туылған Ұ.Н. -ды іздеуді бастады. (Байқоңыр қаласының N 275, 277 орта мектептерінің 2-сынып оқушылары) Олар Сырдария өзенінің бойында 20  ақпанда сағат 11:30-да «Маяк» спорт кешенінен белгісіз бағытқа шығып, оралмаған.
21 ақпанда 2013 жылы туған А.Е. денесі табылды. Екінші бала әлі табылмады.
Ресей Федерациясы ішкі істер қызметі мен Қазақстан Республикасының құтқарушылары бірлесіп, іздеу жұмыстарын жүргізуде. Іздеу жұмыстарына еріктілер де атсалысуда», - делінген хабарламада. 

Еске салайық, Байқоңырда бір күн бұрын жоғалып кеткен жеті жасар Ерхан Анастың неден көз жұмғаны анықталды. Екінші баланы іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары