Қызылордада 36 жастағы тұрғын көпірден секіріп кетті

Құтқарушылар оның денесін жағаға шығарып, полицияға тапсырды

Қызылордада 36 жастағы тұрғын көпірден секіріп кетті
Фото: ашық дереккөзден

Қызылордада көпірден секіріп кеткен 36 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 15 ақпанда сағат 14.00 шамасында болды. Облыс орталығындағы Ғ.Мұратбаев көшесінің бойында дарияның үстінен сол жағалауға өтетін көпірден 1985 жылы туған азамат секіріп кеткен. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел құтқару жасағының құтқарушылары оның денесін жағаға шығарып, полицияға тапсырды.

«Бүгін, 15 ақпанда Қызылорда қаласында сол жағалауға өтетін көпір үстінен Сырдария өзеніне секірген облыс орталығының тұрғыны көз жұмды. Ол бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп жазылған хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.