15.02.2021, 17:54
Оқиғалар
Екібастұзда баланы қауып алған иттің иесі 200 мың теңге төлейтін болды
Тараптар татуласып, медиативтік келісім жасасты
Екібастұз қалалық соты моральдық зиянды өтеу туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлайды рavlodarnews.kz.
«Сот ісі бойынша, 2020 жылдың тамызында тұрғын үйдің ауласында осы үйдің тұрғынының иті талапкердің 11 жасар ұлын тістеген. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес баланың денсаулығына жеңіл зиян келтірілген. Екібастұз қаласы полиция басқармасының қаулысымен жауапкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - дейді облыстық соттың баспасөз қызметінде.
Сот отырысында тараптар татуласып, медиативтік келісім жасасты. Келісім талаптары бойынша талапкер талап қоюдан бас тартса, жауапкер талапкерге 200 мың теңге моральдық зиян төлеуге міндеттелді.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 16:58
«Қуанып отыр»: Олжас Абай анасының Бадықованы келін ретінде қалай қабылдағанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды