15.02.2021, 04:32
Оқиғалар
Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 150-ге жетті
Қаза болғандар туралы ақпарат әлі жоқ
Фото: ашық дереккөзден
Жапонияда сенбі күні жер сілкінісінен кемінде 150 адам зардап шегіп, түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
БАҚ мәліметіне қарағанда, жер сілкінсінің күші 7,3 балға жеткен. Зардап шеккендердің көбі елдегі Мияги және Фукусима өңірлерінің тұрғындары.
Жапон сейсмологтары жер сілкінісі 2011 жылғы 11 наурыздағы жер сілкінісінің салдары деп санайды.
Жапония премьер-министрі Есихидэ Суга жергілікті тұрғындарды өз үйлерінен шықпауға, ерекше қажеттіліксіз көшеге шықпауға және жер сілкінісінен кейін болуы мүмкін дүмпуге дайын болуға шақырды. Премьер-министрдің айтуынша, жер асты дүмпулері салдары тым ауыр болмаған.
Қаза болғандар туралы ақпарат әлі жоқ.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
