14.02.2021, 13:50
Оқиғалар
Алматыдағы «Домиллион» сауда ойын-сауық орталығынан өрт шықты
Орталықтағы жиһаздар қоймасы өртенді
Фото: баспасөз қызметінен
Алматыдағы «Домиллион» сауда ойын-сауық орталығындағы жиһаздар қоймасы өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы қаласы ТЖД сілтеме жасап.
«Алматы қаласы ТЖД күштері оқиға орнына келгенде, ғимараттың ішіндегі қоймалар түтінге толы болған. Қоймадағы жиһазға арналған жинақтауыштар жанған», - делінген хабараламада.
50 шаршыметрді шарпыған өртті сөндіру және түтінді жоюдың автоматты жүйесі дер кезінде іске қосылып, жалынның таралуына жол берілмеген. Өртті сөндіруге 79 адам жұмылдырылған.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды