14.02.2021, 13:27
Оқиғалар
Өскеменде көпірден секірмек болған әйел құтқарылды
Екі тұрғын әйелді полиция қызметкерлеріне тапсырған
Өскемен қаласының екі тұрғыны көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«1966 жылғы әйел көпірден өзенге секіріп өлмек болған. Құтқарушылар оқиға орнына қайықпен шықты. Сол маңайдан көлікпен өтіп бара жатқан Дидар Адиков көпірдің жақтауында тұрған әйелді байқап қалған. Бірден тоқтап, оған көмекке ұмтылды. Суицидтің алдын алуға көмектескен тағы бір азамат болған. Екеуі әйелді полиция қызметкерлеріне тапсырды», – делінген хабарламада.
Дидар Адиков «УК ТМК» АҚ-да краншы болып жұмыс істейді екен. Ал екінші адам көмек көрсеткен соң өз деректерін қалдырмай, автокөлігімен кетіп қалған.
Көп оқылған
14.07.2026, 10:38
Бір «закладка» 2000 теңге – Алматыдан Таразға «жұмыс» іздеп барған 43 жастағы әйел 7 жыл бойы түрмеде отыратын болды
14.07.2026, 11:45
Тас жолға шалқасынан жатып алған: Ақтөбеден Семейге барып, ерсі қылық көрсеткен 35 жастағы әйел жазаланды
14.07.2026, 09:48
Түркістан облысында көпбалалы ана төрт баласымен бірге жоғалып кетті
14.07.2026, 08:27
Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды