14.02.2021, 16:55
Оқиғалар
Алматы облысында перзентхана қызметкерлері отырған шағын автобус аударылып қалды
Көлікте 14 адам болған
Алматы облысында перзентхана қызметкерлері отырған шағын автобус аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Газель Есік қаласындағы перзентхана қызметкерлерін басқа орынға көшіріп бара жатқанда аударылған.
«Оқиға болған жерге барған жедел-тергеу тобы автокөліктің 41 жастағы жүргізушісі Сатай ауылының маңында, шығыс бағыттағы автожолмен қозғалып бара жатып, көктайғақ пен тұманда көлігін басқара алмай, аударылып кеткенін анықтады. Көліктің салонында 14 адам болған, олардың екеуі түрлі жарақат алып Есік қаласының ауруханасына жеткізілді», - деп жазылған хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша соталды тергеу басталды
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды