14.02.2021, 03:54
Оқиғалар
Семейде жүк көлігі қағып кеткен жасөспірім оқиға орнында көз жұмды
16 жастағы тұрғын жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан
Фото: ашық дереккөзден
Семей қаласында жүк көлігі жасөспірімді қағып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жүк тиелген КамАЗ-ды тіркемесімен сүйреп бара жатқан Shacman жүк көлігінің жүргізушісі айналма жолға шыға бергенде «Көктем» сауда үйінің жанындағы жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. 16 жастағы Семей қаласының тұрғыны сол жерде көз жұмған», - деп жазылған хабарламада.
Бірқатар сараптама тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды