$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.02.2021, 16:11
Оқиғалар

Алматы облысында вакцина алған медбике есінен танып қалды

Оның қазіргі жағдайы қалыпты 

Алматы облысында вакцина алған медбике есінен танып қалды
фото: Батыржан Беспаев

Алматы облысында коронавирусқа қарсы ресейде жасалған «Sputnik V» вакцинасын алған медбике есінен танып қалды. Бұл жағдайды облыстық  денсаулық сақтау басқармасы да растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Оқиға кеше Талдықорған қаласында болған. Екпеден кейін есін жоғалтқан науқас жедел-жәрдем көлігімен Талдықорғандағы №2 қалалық ауруханаға жеткізілген. 

«02.02.2021 жылы Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханада жұмыс істейтін «А» есімді медқызметкер «Sputnik V» вакцинасын қабылдағаннан кейін қан қысымының 140/100 мм сынап бағанасына дейін көтерілу эпизоды болды. Вакцинациядан кейін қан қысымының жоғарылауы байқалғанын ескере отырып, науқасқа көмек көрсетілді, қан қысымы қалыпқа келтірілді. Қалыпты гемодинамикалық параметрлері бар науқас ауруханаға жатудан  бас тартты», - деді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз жетекшісі Ләйлім Әубәкірова. 

Коронавирусқа қарсы ресейлік екпені салғызам деп есінен танған әйелдің қазіргі жағдайы қалыпты. Ол сол күні және түске қарай қайтадан жұмыс істеуге барған. 

БАҚ-та ресейлік вакцинацияны салдырғысы келмеген медицина мамандарын басқарма тарапынан жұмыстан қуып жатқаны туралы да ақпарат тараған еді. Алайда басқарма өкілдері екпе салуға ешкімді күштеп мәжбүрлемегендерін мәлімдеді. 

«№2 Талдықорған қалалық емханасы» МКК әкімшілігі емхана қызметкрелері COVID-19-ға қарсы  бірінші кезекте вакцина алатындардың қатарындағы мекеме емес. Тиісінше, вакцинациядан бас тартуға байланысты қызметкерлерде жұмыстан шығып қалу деген қорқыныш ешқашан болған емес. Кешегі эпизодқа байланысты медициналық қызметкерлердің ешқайсысы (қарсы көрсетілімдері жоқ) COVID-19 қарсы вакцина алудан бас тартпайды. Вакцинация бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі», - деп хабарлады ведомство өкілі.  

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы облысы

Серіктес жаңалықтары