$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.02.2021, 15:50
Оқиғалар

Павлодарда антисептиктен уланған үш қыздың бірі қайтыс болды

Қалған екі қыз ауруханадан жазылып шықты

Павлодарда антисептиктен уланған үш қыздың бірі қайтыс болды
көрнекі фото

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, 2 қаңтар күні сағат 18:30-да облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдеммен 2003 жылы туған қыз бала жеткізілген. Ол облыстық «Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығынан» ес-түссіз күйде жеткізілді. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

«Қыз бала белгісіз заттан улану диагнозымен түсті. Бас миы ісінген науқас жан сақтау бөліміне жатқызылды. Интенсивті терапия басталды. Жасалған емдеу шараларына қарамастан сағат 20:00-де жүрегі тоқтады. 30 минуттық жансақтау әрекеттері нәтиже бермеді», - деді басқармадағылар.

Сол күні сағат 21:40-та 16 жастағы тағы екі қыз бала ауруханаға улану диагнозымен түскен.

«Пациенттерге толық көлемде медициналық көмек көрсетілді. Екеуі де 14 қаңтар күні стационардан шығарылды. Шығарылған кезде жағдайы қанағаттанарлық болды. Тәбеті жақсы, өздерін жақсы сезінді», - деп хабарлады.

Басқарманың хабарлауынша, қыздар 1 қаңтар күні сағат 20:30 шамасында «Антисептик - МД-1» затын сумен араластырып ішкендерін айтқан.

«Қыздардың айтуынша, түнді тыныш өткізген. Ештеңе мазаламаған. Алайда, таң атысымен жүрегі айнып, бірнеше рет құсқан. Орталықтың медициналық қызметкерлері мен тәрбиешілері бұл оқиға туралы білмеген. 2 қаңтар сағат 20:30-дан соң қыздар бәрін мойындап, жедел жәрдем шақырған», - деп түсіндірді басқармадағылар.

Серіктес жаңалықтары