28.11.2019, 15:45
Оқиғалар
ҰҚК Атырауда пара алғаны үшін Қытайдың екі азаматын ұстады
Ұсталған азаматтар кінәсін мойындап, түсінік берді. Қазір тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр
«2019 жылғы 19 қарашада ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен уәкілетті қызметкерге 2 миллион теңге мөлшерінде пара беру кезінде Қытайдың екі азаматын ұстап, тергеу изоляторына қамады», - дейді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Параны Атырау қаласында заңсыз еңбек еткен шетелдікке қатысты әкімшілік істі сотта қарау кезінде оң шешім қабылдауға ықпал ету үшін бермек болған. Сонымен қатар, пара беруші ҚХР азаматтарына қамқорлық жасау үшін 200 мың теңге мөлшерінде ай сайын ақшалай сыйақы ұсынып келген.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді