$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.01.2021, 00:48
Оқиғалар

Түркістан облысында 300 адам жиналған үйлену тойы тоқтатылды

Жеке кәсіпкер Байгазиеваға іс қозғалып, 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды

 

Түркістан облысында 300 адам жиналған үйлену тойы тоқтатылды

Түркістан облысында 300 адамның басын қосып жасалып жатқан үйлену тойы тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркістан облысы Сарыағаш қаласында орналасқан «Кәусар хол» тойханасы шектеу шаралары енгізілгеннен бастап бірнеше рет той-жиындар өткізіп, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларын өрескел бұзғандары анықталды.

2021 жылдың 28 қаңтар күні мобильді мониторингтік топтар тарапынан жасалған жоспардан тыс тексеру барысында сағат 15:30 шамасында 300 адамға үйлену тойы өткізіліп жатқаны анықталды.

«ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына сәйкес, жеке кәсіпкер Байгазиеваға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық ісі қозғалып, 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - делінген COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарламасында.

Қазіргі уақытта Сарыағаш қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері аталған тойхананың жұмысын тоқтату бойынша экономикалық сотқа талап арыз дайындауда.

Серіктес жаңалықтары