Балқашта жоғалған оқушы қыз Алматыдан табылды

Жасөспірім 2002 жылы туған досының пәтерінде болған

Балқашта жоғалған оқушы қыз Алматыдан табылды

Балқаштың қаласындағы үйінен қашып кеткен кәмелетке толмаған қыз Алматы қаласынан табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Балқаш қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне кәмелетке толмаған қызының із-түзсіз жоғалып кету фактісі бойынша жергілікті тұрғыннан арыз түсті.

«Жасөспірім қыздың Алматы қаласында екені жедел жолмен анықталды. Іздестіру шаралары барысында біздің бөлімнің ювеналды полициясының қызметкерлері оның жүрген жері – Жароков көшесіндегі үйлердің бірін анықтады. Жасөспірім 2002 жылы туған досының пәтерінде болған. Қыздың анасына хабарлау үшін ақпарат бірден іздестіру жариялаған бөлімге жеткізілді, қыз бала заңды өкілі келгенше кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды», - деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.