ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші тағы өсті

ШҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты

Жантүршігерлік жол апаты кешкі сағат 20.00 шамасында болған

Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 26 қаңтар күні кешкі сағат 20.00 шамасында болған. Шемонайхадан облыс орталығына шыққан көлік Рулиха ауылы маңында апатқа ұшыраған.

«Жол-көлік оқиғасы Өскемен – Шемонайха – РФ шекарасы тасжолының 88-ші шақырымында болған. 32 жастағы ер адам тізгіндеген «КамАЗ 5320» маркалы жүк көлігінің тіркемесі «ВАЗ 2112» жеңіл көлігінің бүйірінен соққан», – делінген ПД хабарламасында.

Жеңіл көліктегі 25 жастағы жүргізушісі мен 3 жолаушы (31 жастағы әйел адам мен 29 жастағы екі ер адам) оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.