26.01.2021, 16:29
Оқиғалар
Шахтинскідегі кафеде атыс болып, үш адам ауруханаға түсті
28 жастағы күдікті ұсталды
скрин: instagram.com/shk_kz
Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы кафелердің бірінде жанжал шығып, соңы оқ атуға дейін ұласқан. Атыс салдарынан үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Қарағанды облысы полиция департаментіндегілер бұл оқиғаның 24 қаңтарда болғанын хабарлады.
«Кафелердің бірінде жанжал шығып, нәтижесінде 33-53 жас аралығындағы үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні ұстады, ол травматикалық қару пайдаланғанын мойындады», - деп хабарлады.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды