Жамбыл облысында шенеунік 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Қылмыстық іс тергеліп жатыр

Жамбыл облысында шенеунік 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысының қарамағындағы қызметкерден оны департамент басшысының орынбасары лауазымына тағайындауға жәрдем көрсету үшін алған 2 млн теңге сомасындағы параға байланысты лауазымды тұлғаларға беруге айдап салу және алаяқтық күдігі бойынша қылмыстық істі тергеліп жатыр.

Қазір күдікті сотқа берілді. Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Жалпы, 2020 жылы жемқорлық қылмысына байланысты 1000-нан астам адам сотталды: 334 - пара алғаны үшін, 256 - пара бергені үшін, 146 - алаяқтық үшін, 98 - ұрлық үшін, 120 - лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін, 26 - парақорлыққа делдал болғаны үшін және т. б.

259 адамға қатысты – бас бостандығынан айыру, 142 адамға қатысты - бас бостандығын шектеу, 575 адамға қатысты - еселік айыппұл, қалғаны шартты мерзімге немесе кейінге қалдыру жазасымен сотталды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.