$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.11.2019, 15:33
Оқиғалар

Ақтауда екі қыз көшеде тұрған көлікті өртеп жібермек болды

Олардың әрекеті көшедегі бақылау камерасына түсіп қалған

Ақтауда екі қыз көшеде жол жиегінде тұрған автомобильді өртеп жібермек болды. Бұл әрекеттен ештеңе шықпаған соң бұзақылар көліктің дөңгелектерін жарып тастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі Лада сайтына сілтеме жасап.

Басбұзарлар көшедегі бақылау камерасына түсіп қалған. Темір тұлпардың қожайыны құқық қорғау органдарына арызданбаған. Ол бейнежазбаны әлеуметтік желіге салуды жөн санапты.

Оқиға қарашаның 25-інен 26-сына қараған түні Ақтау қаласының 21 шағын ауданында тіркелген. Екі қыз тұрақтағы Mercedes-Benz автокөлігіне сұйықтық құя бастайды. Қожайынның болжамында ол спирттік ішімдік болуы мүмкін. Кадрда қыздардың машинаны өртемек болған әрекетінен ештеңе шықпағаны көрініп тұр.

«Олар жай ғана көлігімнің дөңгелектерін тілгілей бастады. Біреуі жарылып, екіншісі тілініп кеткен. Полицияға хабарламаймын, Ьұзақылар өздерін интернеттен көрсін. Бұл олар үшін ең жақсы жаза болады», - дейді Влад. (қожайынның өтініші бойынша есімі өзгертіліп берілді)

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ақтау #бұзақылық