$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.11.2019, 00:25
Оқиғалар

Ақмола облысында ер адам азаматтық некедегі әйелін өртеп жіберді

Қазір әйел қажетті емдеуден өтіп жатыр

Ақмола облысында ер адам азаматтық некедегі әйелін өртеп жіберді
Фото: ашық дереккөзден

25 қараша күні Жақсы ауданының полиция бөліміне аудандық орталық аурухананың кезекші дәрігері қоңырау шалып, беті, мойны, қолы күйген Белағаш аулының 32 жастағы тұрғыны түскенін хабарлаған, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі Ktk.kz-ке сілтеме жасап.

Күйік дененің 15% құрайды, ал зардап шеккен адамның жағдайы ауыр. Қазір әйел қажетті емдеуден өтіп жатыр, мүмкін оны облыстық ауруханаға ауыстырады.

Белгілі болғандай, жәбірленушінің екі қолы, иығы мен басы күйіп кеткен. Маңдайында жара бар. Бұл жарақаттар дизель отынынан алынды. 

Тергеу барасында анықталғандай, ерлі-зайыпты арасында ұрыс шығып, 25 жастағы ер адам әйелінің үстіне соларка шашып, өртеп жіберген. Ер адам мас болған. Бұрын істі болмаған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабаның 3-тармағы және 99-бабының 1-тармағы («Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ақмола облысы