Павлодарда бір тәулікте 100-ден астам жол ережесін бұзу фактісі анықталды

Полицейлер азаматтарды жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«Жол қозғалысын қадағалау кезінде Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының полицейлері бір тәулік ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 102 фактісін анықтады. 19 жүргізуші бекітілмеген қауіпсіздік белдіктері үшін тоқтатылды, 9 жүргізуші бағдаршамның тыйым салатын сигналына шыққан, ал 2 жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарған. Бұл ретте, осындай фактілердің бірі сағат 19.35-те анықталды. Қала тұрғындары жұмыстан қайтқан кезде жолдардағы қозғалыс жанданды», - деді Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шарипов.
Статистика ережелерді тек жүргізушілер ғана бұзбайтынын көрсетеді. Жаяу жүргіншілер де тәртіпті бұзатындар қатарында.