ШұғылCOVID-19: Өткен тәулікте 804 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Шымкентте туған қыздары 71 жастағы анасын сабаған

Кейуананың айтуынша, олар үйді сатып, ақшасын бөліп алуды көздейді

Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте 71 жастағы кейуананы туған қыздары көкала қойдай сабаған. Қолы сынып, дене жарақатын алған әжей олардың көздегені баспана дейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«Осымен төртінші мәрте келді. Бұрын келгенде бүйтіп жара қылған жоқ. Бірақ сөйлеп-сөйлеп сөзбен мені жерге тығып кететін. Онда үндеген жоқпын», - дейді Шымкент тұрғыны Алтынкүл Асқарова.

Жеті құрсақ көтерген кейуананың қазір бір ұл, үш қызы бар. Даудың басы, кенже қызы бақилық болған соң басталған. Марқұм қызы мен күйеу баласына зейнеткер баспанасын аударып беріпті. Тағы бір қызы сол күні анасының қасында болғанын жеткізді. 

Алтынкүл әжейдің айтуынша, 2018 жылы пәтер жалдап жүрген кенжесі өтініп қоймаған соң, отбасымен қолына алыпты. Көп өтпей қызы мен күйеу баласы нотариустың алдында бір құжатқа қол қойдырғанын айтады. Бірақ ол «үйді сатып-сатып алу» құжаты екенін білмедім деп отыр. Арада он күн өткенде кенеттен қызы қайтыс болған. Ал қырқын өткізе салысымен күйеу баласы үйді босат деген талап қойған. Іс Жоғарғы сотқа дейін жеткенмен, кейуананың пайдасына шешілмеген. Өйткені құжат бойынша әжей үйін 10 млн теңгеге сатқан.