$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.01.2021, 09:29
Оқиғалар

Қостанай облысында тұрғын үйде болған өрттен екі адам қаза тапты

Оқиға орнында өрт сөндіру зертханасының мамандары жұмыс істеуде

Қостанай облысында тұрғын үйде болған өрттен екі адам қаза тапты

Қостанай облысында тұрғын үйде болған өрттен екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

18 қаңтар күні сағат 07:34-те 101 пультіне Б.Майлин ауданының Тобыл кентіне өрт туралы қоңырау келіп түскен.

Қазақ көшесінде орналасқан тұрғын үйдегі өрттен кейін өрт сөндірушілер күйік шалған екі мәйітті тапты. Үйде 1962 жылы туған мүгедек ер адам және 1983 жылы туған әйел адам болған. Олардың полиция органдарында профилактикалық есепте тұрғаны және алкогольді асыра пайдаланғаны анықталды. Тұрғындар үйді жатын бөлмесінде орналасқан электр плитасының көмегімен жылытқан.

Сол жатын бөлмеде жиһаз бен үй заттары өртенген. Өрттің жалпы аумағы 8 шаршы метрді құрады.

«Өрт толығымен 08:26-да сөндірілді. Қызыл жалынды сөндіруге Тобыл кентінің № 17 өрт сөндіру бекеті мен Айет ауылының 16-ӨСБ жеке құрамынан 2 арнайы техника мен 9 адам қатысты. Өрттің шығу себебі - электр плитасындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнында өрт сөндіру зертханасының мамандары жұмыс істеуде», - делінген Қостанай облысының ТЖД таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары