18.01.2021, 22:26
Оқиғалар
Алматыда жол апатынан жарақат алған 1 және 3 жасар балалар ауруханаға жеткізілді
Олардың жағдайы бірқалыпты
Фото: ашық дереккөзден
Алматыда жол апатынан екі кішкентай бала жарақат алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Б.Момышұлы көшесімен оңтүстікке бағыт алған Toyota Camry жүргізушісі Универсиада көшесімен қиылыста солға бұрылмақ болған. Сол кезде Mercedes-Benz көлігіне соғылған. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын Алатау аудандық ПБ қарап жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Жол апатынан жарақат алған 1 және 3 жасар балалар ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы бірқалыпты.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды