ШұғылҚазақстанда тағы 658 адамнан коронавирус анықталды

«Құжат толтырғысы келмей, баланы тоңазытқышқа қайта жіберген»: Атыраудағы нәресте өліміне қатысты сот үкімі шықты

Төрт адам бас бостандығынан айырылды

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Атырауда жаңа туған нәрестені өлтіру ісі бойынша облыстық перзентхананың бас дәрігері мен қылмысқа қатысы бар басқа да қызметкерлерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Орталықтың акушер-гинекологы Асқар Қайыржанды 16 жыл бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шықты. Акушер Жамила Құлбатырованы 15 жылға соттау туралы үкім тағайындалды. Сонымен қатар неонатолог-дәрігерлер Нұрмұхамбетов пен Жұмабаеваны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қызметкерлер баланы өлі туды деп рәсімдеген. Алайда одан тіршілік нышаны байқалған кезде дәрігерлер құжаттарды қайта толтырғысы келмей, оны тоңазытқыш камерасына жіберген.

«18 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Нысанбаевтың жаза өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде белгіленсін. Кулбатировадан жәбірленуші Төрембетованың пайдасына 5 млн теңге моральдық залал және мемлекет пайдасына 1389 теңге мемлекеттік баж өндірілсін. Кулбатироваға зиянды өтеу 2 ай мерзім белгіленсін. Өз еркімен зиян өндірілмеген жағдайда одан мәжбүрлі өндірілсін», - деді мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Гүлмира Дәулетова.