ШұғылҚазақстанда тағы 658 адамнан коронавирус анықталды

Қуат Хамитов үш жылға сотталуы мүмкін

Оның үстінен қылмыстық іс қозғалған

Inform.kz

Танымал спортшы Қуат Хамитовтың үстінен сот процесі басталды. Сот Алматының Алмалы аудандық сотында өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Алмалы аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бөлігі 272-бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктелген Қуат Хамитовке қатысты қылмыстық істі қарады», - деп хабарлады Алмалы аудандық соты.

Бүгін басты сот талқылауы өтті. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабы 3-бөлігінің (Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртіпсіздіктерге шақыру, сондай-ақ азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру) санкциясы үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында спортшы тікұшақтарға оқ атуға және дезинфекция жасайтын жұмысшыларды соққыға жығып, олардың тағы да «халықты улай бастағанын» айтқан еді. Кейін полицияға жеткізілген Қуат Хамитов бұл видеоны «әзіл» деп атады.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы