12.01.2021, 12:45
Оқиғалар
Есірткіге мас күйде болған Шахтинcк тұрғыны көршілерін әуреге салды
Ер азамат пәтерін жарып жіберемін деп қорқытқан
көрнекі фото
11 қаңтарда Шахтинск қаласында есірткіге мас күйінде болған ер адам пәтерін жарып жіберемін деп қорқытқан. Ол газды ашып, 5 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан пәтер есігін ішінен жауып алған. Өрт сөндірушілер подъезге барлау жүргізіп, газдың иісі үйдің барлық қабатына тарағанын анықтады. Тұрғындардың бәрі қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл туралы Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт сөндірушілер терезені сыртынан ашып, учаскелік полициямен бірге пәтерге кірді. Пәтерде газдың иісі қатты таралған. Өрт сөндірушілер газ баллонының редукторын сөндіріп, пәтерді және барлық подъезды желдетуге кіріскен.
Ер адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды