$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.01.2021, 13:13
Оқиғалар

Көлік жуу орнында есірткі сатқан ер адам бес жылға сотталды

Ол есірткіні сіріңке қорабына салып сатқан

Көлік жуу орнында есірткі сатқан ер адам бес жылға сотталды

Көлік жуу орнында есірткі сатқан ер адам бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне белгісіз азамат қоңырау шалып жергілікті тұрғынның есірткі сатумен айналысатыны туралы хабарлайды. Хабарламаны алған полицейлер бірден аталған жайтты тексеруге кіріседі. Күдіктіні қылмыс үстінде ұстау үшін қажетті шаралардың барлығын атқарады. Осылайша іске асырылған жұмыстардың нәтижесінде полицейлер күдіктінің көлік жуу орнының жұмысшысы екенін, сонымен қатар ер азаматтың 2 сіріңке қорабына есірткі тектес затты салып, басқа адамға жасырын түрде сатқанын анықтайды.

«Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) тергеп-тексеру амалдары жүргізіледі. Автожуу орнынан айғақты заттар тәркіленіп, сараптамаға жолданды. Сараптаманың қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың 6 грамнан астам кептірілген марихуана екендігі анықталды. Осыдан соң ұсталған азамат қамауға алынып, тергеушілермен тергеу істері жүргізілді. Ауданның тергеушісі полиция майоры Жайық Айғазиев болған жайттың ақ-қарасын ажырата отырып, тергеуді жоғары деңгейде жүргізеді. Есірткі сатқан жергілікті тұрғыннан жауап алу секілді бірқатар жұмыстарды жүргізді. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, іс сотқа жолданды», - делінген хабарламада.  

Осылайша көп ұзамай сот өз шешімін шығарып, күдікті ер азаматты ҚР ҚК 297 бабындағы қылмысты жасады деген айыппен 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Серіктес жаңалықтары