12.01.2021, 12:12
Оқиғалар
«Оқжетпес» клубының директоры қайтыс болды
Көкшетаулық клуб Ерлан Бөтембаев басшылықта болғанда ең нәтижелі көрсеткішке қол жеткізді
Ерлан Бөтембаев, фото: sports.kz
Көкшетаулық «Оқжетпес» футбол клубының директоры Ерлан Бөтембаев 47 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды sports.kz.
Ерлан Бөтембаев көкшетаулық футбол клубын 2018 жылдың ақпанынан бері басқарды, «Оқжетпес» ұжымын ол басқарған жылдары клуб Бірінші лигадан Қазақстан премьер-лигасына қайта оралды. Ал 2019 жылы ел чемпионатында 7-орын алды. Бұл - клуб тарихындағы ең нәтижелі көрсеткіш.
Ол еркін күрестен спорт шебері, жауынгерлік джиу-джитсудан қара белбеу «сенсей» бірінші дан иегері болған.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді