$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.01.2021, 10:43
Оқиғалар

Шу ауданының тұрғынынан 7 келіден астам есірткі тәркіленді

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды

Шу ауданының тұрғынынан 7 келіден астам есірткі тәркіленді
Фото: ашық дереккөзден

Жамбылдық полицейлер Шу ауданының тұрғынынан 7 келіден астам есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Құқықтық тәртіп» жедел- алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының 50 жастағы тұрғынын ұстады. Оның үйіндегі ас бөлмесі мен сарайын тінту барысында жалпы салмағы 7 келі 420 грамм кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296 бабының 4- бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Ұсталған азамат кінәсін мойындады және Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков.

Серіктес жаңалықтары