04.01.2021, 00:48
Оқиғалар
Ақтөбе облысында газ баллоны жарылып, екі адам ауруханаға түсті
Жарылыстан үйдің бір бөлігі құлаған
Фото: баспасөз қызметінен
Ақтөбе облысы, Қобда ауданының орталығында үй ішінде тұрған газ баллоны жарылып, екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қобдадағы тұрғын үйде газ баллоны жарылды. Құтқарушылар үйдің кіреберісінде 5 литрлік газ баллонының жарылғанын анықтады. Салдарынан үйдің бір бөлігі құлады. Жергілікті өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 8 адам, 1 техника жұмылдырылды. Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 14:40-та сөндірілді», - деп жазылған хабарламада.
Өрт кезінде күйік шалған 34 және 31 жастағы ер адамдар ауруханаға жеткізілді.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды