ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

ШҚО-да жол апатынан 2 адам құтқарылды

Жүргізуші мен 12 жастағы қыз көліктен шыға алмай қалған

Фото: баспасөз қызметінен

Шығыс Қазақстан облысында  жол апатынан 2 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«3 қаңтарда Өскемен-Белоусовка тасжолында «ВАЗ» және «Киа» автокөліктері соқтығысып қалды. Көлік апатынан зардап шеккен жүргізуші мен 12 жастағы қыз ВАЗ көлігінен өздігінен шыға алмай қалған. Оқиға орнына жеткен Белоусовка ауылының құтқарушылары көліктің алдыңғы жақта орналасқан орындығын жылжытқан. Осы уақытта оқиға орнына қосымша жедел құтқару отрядының мамандары келіп, қыз баланы көлік ішінен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған», - деп жазылған хабарламада.

Одан кейін құтқарушылар көлік жүргізушісін шығаруға кіріскен. Арнайы құрылғының көмегімен көлік есігін ашып, орындықты қозғалтып, зардап шеккен жүргізушіні сыртқа шығарған.

Тегтер: