02.01.2021, 03:33
Оқиғалар
Павлодарда гаражда тұрған жаңа көлік Жаңа жыл түнінде жанып кетті
Қазіргі уақытта келтірілген залал мен өрттың шығу себебі анықталуда
Фото: ашық дереккөзден
Өрт туралы хабарлама сағат 00:27-де келіп түсті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт облыс орталығының Естай, 134 мекенжайында болды.
«Жерасты гараж боксы мен оның ішіндегі Audi маркалы автомашина жанып кетті. Өрт 25 шаршы метр ауданға жайылды. Өрт 01:24-те жойылды», - деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен 9 және 11-інші гаражды ашты. Оқиға орнына жеке құрамның 28 адамы мен жеті бірлік техника барды.
Зардап шеккендер жоқ. Келтірілген залал мен өрттың шығу себебі анықталуда.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды