Павлодар облысында отшашу атқан зейнеткер көзін жаралады

64 жастағы ауыл тұрғыны облыстық аурухананың көз бөлімшесіне жеткізілді

Павлодар облысында отшашу атқан зейнеткер көзін жаралады
Фото: ашық дереккөзден

Оқиға Павлодар ауданының Розовка ауылында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Отшашудан 64 жастағы ауыл тұрғыны зардап шекті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, хабарлама түнгі сағат 00:19-да келіп түскен.

«1956 жылғы әйел көз алмасының ауыр контузиясы диагнозымен облыстық аурухананың көз бөлімшесіне жеткізілді», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасында.

Зардап шеккен әйелдің қазіргі жағдайы тұрақты. Дәрігерлердің айтуынша, көзі аман қалған.

Бірақ Жаңа жылдық түнде орын алған келесі оқиғада 65 жасар ер адам екі бірдей аяғын үсіріп алған. Ал 31 желтоқсанда сағат 19:26-да Екібастұзда 1962 жылғы ер адам мас күйінде екі қолының саусақтарын үсіріп алған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.