Қазіргі уақытта қоймадағы өрттің шығу себебі тексеріліп жатыр
Атырау облысындағы Теңіз кенішіндегі вахталық кентте орналасқан қойма отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Теңізшевройл» ЖШС-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 желтоқсанда Теңіз кенішіндегі өндірістік алаңнан тыс вахталық кенттегі мердігерлік мекеменің қоймасы өртенгені белгілі болды. ТШО-ның өрт-авариялық қызметінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті.
«Ғимараттан барлық қызметкер эвакуацияланды. Ешкімге медициналық көмек қажет болмады», - делінген хабарламада.
Өрт туралы тиісті органдарға хабарланды.
Қазіргі уақытта қоймадағы өрттің шығу себебі тексеріліп жатыр.