30.12.2020, 23:18
Оқиғалар
Өскеменде трамвай қағып кеткен 62 жастағы ер адам мерт болды
Ауыр дене жарақатын алған ер адам оқиға орнында көз жұмған
30 желтоқсан күні сағат 15:30 шамасында Өскемен қаласының Абай даңғылы бойында трамвай қағып кеткен жаяу жүргінші мерт болды. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша қала тұрғыны рұқсат етілмеген жерде жолдан өтіп бара жатқан. Сол кезде оны трамвай қағып кеткен.
Ведомство хабарлағандай, ауыр дене жарақатын алған ер адам оқиға орнында көз жұмған.
«Марқұм болған ер адамның жеке тұлғасы анықталды, ол Өскемен қаласының 62 жастағы тұрғыны», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды