ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Нұр-Сұлтанда моншадан ақша салынған сандықша ұрланды

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда моншадан ақша салынған сандықша ұрланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Монша кешеніндегі ұрлық дерегі туралы полицияға жұмысшылардың бірі хабарлаған. Ол таңертең терезенің ашық тұрғанын және 150 мың теңге көлемінде ақшаның жоғалғанын байқаған.

Полиция қызметкерлері ұрының үй-жайға терезе арқылы кіргенін анықтады. Ол іштен ақша салынған сандықшаны ұрлап кеткен.

«Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Сарыарқа» ауданы ПБ қызметкерлері  тергеу барысында күдікті тұлғаның жеке  басын анықтады. Осыған дейін аталған монша кешенінде жұмыс істеген. Бұрын ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.  Ол ақшаның қай жерде сақталатынын, сондай-ақ бейнекамералардың қай жерде орналасқанын білген. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады», – делінген ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Ер адам жасаған іс-әрекетін мойындаған. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.