$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.12.2020, 17:33
Оқиғалар

Түркістан облысында мал ұрлаумен айналысқандар ұсталды

Олар қатар тұрған екі үйдің малын ұрлап кеткен

 

Түркістан облысында мал ұрлаумен айналысқандар ұсталды

Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция басқармасына көрші тұратын екі тұрғын арызданған. Олар үйлерінің ауласында орналасқан қораға әлдекімнің заңсыз кіріп, бірінің 2 бас қойын, енді бірінің 1 қошқарын ұрлап кеткенін айтқан. Бұл туралы  облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 200 мың теңгеден асқан. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал құрлығы» бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Жетісай қаласының тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнына жетті. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақтар мен жайылымдарды аралап, куәгерлерден жауап алды, сондай-ақ мал таситын автокөліктерді және үй малын сататын орындарды тексерді.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері мал ұрлығын жасағандардың ізіне шығып, 1 тәулік ішінде екі күдіктіні ұстады. Олар жергілікті тұрғындар болып шықты. Күдіктілер ұрланған малды танысының үйіне алып барып, жасырған. Полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында күдікті ер азаматтар арам пиғылдарын жүзеге асырып үлгермеген. Тәртіп сақшылары айғақты зат ретінде ұрланған қойларды тәркілеп, өз иелеріне табыстады. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары