Алматы облысында жоғалып кеткен азаматтың өртенген көлігі табылды

Ер адамның 21 желтоқсан күні Қарабұлақ ауылында болғаны анықталды

 
Алматы облысында жоғалып кеткен азаматтың  өртенген көлігі табылды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында ер адам жоғалып кетті. Оның көлігі екі сағаттан кейін ауылдың шетінде өртенген күйде табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

22 желтоқсанда Талдықорған полициясына 27 жастағы тұрғын 1986 жылғы ағасы Азат Теміртасовтың жоғалғаны туралы арыз жазған.

Хабар-ошарсыз кеткен ер адамның 21 желтоқсанда сағат 21.30-да Қарабұлақ ауылында Toyota Caldina көлігімен жүргені белгілі болды.

«Аталған өтініш СДТБТ-ға тіркеліп, оған іздеу жарияланды. Іздестіріліп жатқан ер адамның көлігі екі сағаттан кейін Ескелді ауданы Бақтыбай ауылының шетінде табылды.

Қазіргі уақытта қылмыс деректері мен оқиғаның мән-жайын толық, объектив және жан-жақты зерттеуге бағытталған жедел және тергеу іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр», - деді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейтіні атап өтілді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.