26.12.2020, 10:46
Оқиғалар
Екі айлық нәресте ауыр халде Омбыдан Нұр-Сұлтанға санавиациямен жеткізілді
Рейсті ҚР Денсаулық сақтау және Сыртқы істер министрліктері ұйымдастырған
Фото: Қазақстанның Ресейдегі елшілігі
Омбыдағы ҚР елшілігінің көмегімен жергілікті облыстық балалар клиникалық ауруханасында ауыр халде жатқан екі айлық қазақстандық нәресте санавиация бортымен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Рейсті ҚР Денсаулық сақтау және Сыртқы істер министрліктері ұйымдастырған.
«Сәбиді астанаға жеткізгенге дейін мамандар оның диагнозын бірден анықтап, ұшып келе салысымен дереу қарқынды емдеу жұмыстарын бастап кетті.
Қазіргі сәтте пациенттің жағдайы тұрақты, нашарлаған жоқ. Дәрігерлер емдеудің толық бағдарламасын жүргізетін болады», - делінген елшілік хабарламасында.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты