$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.12.2020, 12:22
Оқиғалар

Алматыда бұрынғы бөлім басшысы пара алғаны үшін 7 жылға сотталды

Ол 860 мың теңге көлемінде пара алды деп айыпталған

Алматыда бұрынғы бөлім басшысы пара алғаны үшін 7 жылға сотталды
фото: Батыржан Беспаев

Алматыда қалалық төтенше жағдай департаменті Түрксіб аудандық бөлімінің басшысы пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынына айырылды. Сондай-ақ пара берген ЖШС директоры да бір жылға бас бостандығынан айырылған.

«Нұрташев «Хозу-Алматы» ЖШС бас директоры Александр Бирюковтан коммерциялық қызметіне қамқорлық көрсеткені үшін 20 мың теңге, сонымен қатар, анықталған заңбұзушылықты бұйрықта көрсетпеу үшін тағы бір жеке компанияның басшысынан 840 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Алматы бойынша департаментінің хабарламасында.

Түрксіб аудандық сотының үкімімен сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары