24.12.2020, 05:16
Оқиғалар
Павлодар облысында итін көлігіне байлап сүйреген тұрғын жауапқа тартылады
Ол итін көлікке отырғыза алмаған
Екібастұзда 72 жастағы тұрғын асыл тұқымды төбетін көлігіне байлап сүйреген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Видео әлеуметтік желілер арқылы тарады. Кейіннен іске полиция араласып, иттің иесі табылды. Екібастұздың 72 жастағы тұрғыны итін ветеринарға апарып қаратқан. Қайтарда итті көлікке отырғыза алмай, артына байлай салыпты.
«Итке қатыгездікпен қараған тұрғынға ҚР Қылмыстық Кодексінің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Ал, ит иесіне қайтарылды», - дейді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Біләлова.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 13:30
Астана – Арқалық: бүгін президенттің тапсырмасымен ішкі әуе рейстерінің жаңа бағыты іске қосылды
22.08.2026, 12:06
Қостанайда салық мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды