23.11.2019, 09:03
Оқиғалар
Қостанайда саяжай өртеніп, ер адам көз жұмды
Өрт 15 шаршы метр аумақты шарпыды
Фото: ашық дереккөзден
Рудный қаласындағы саяжай қоғамдастығында ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оқиға қаладағы №3 саяжайда болған. Бір қабатты жеке тұрғын үйден өрт шыққан.
«Өрт 15 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 17:35-те үй ішінен 55 жастағы саяжай иесінің денесі табылды. Оның жиҺаз цехында күзетші болып жұмыс істегені белгілі», - делінген ТЖД ақпаратында.
Қостанай облысы ТЖД қысқы жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау туралы ескертеді.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
