Аман-есен табылған бала «Жанұя« балалар үйіне тапсырылады
Алматыда жоғалып кеткен 11 жастағы Артур Федоров аман-есен табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бала дін аман. «Жанұя« балалар үйіне тапсырылады. Оны іздестіруге 200 жуық адам атсалысты»,- деп мәлім етті қалалық Полиция департаментінен.
Еске салсақ, өткен демалыста тәтесінің үйінен шығып кеткен 11 жасар Артур сол күйі қайтып оралмағанын жазған едік. Із-түзсіз кеткен баланы құқық қорғау органдары мен еріктілер тобы 5 күн бойы іздестіріп, оның суреті мен жеке мәліметі жазылған парақшаны қаланың әр бұрышына жапсырып шыққан болатын.