4 тәуліктен бері жоқ: Алматыда 11 жасар бала жоғалып кетті

Артур Федоров 17 қарашада Станционная мекенжайы бойынша орналасқан тәтесінің үйінен шығып кетіп, содан бері үйіне оралмаған

4 тәуліктен бері жоқ: Алматыда 11 жасар бала жоғалып кетті

Алматыда 11 жастағы мектеп оқушысы Артур Федеров жоғалып кетті. Баланы еріктілер мен полиция қызметкерлері іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Артур Федоров 17 қарашада Станционная мекенжайы бойынша орналасқан тәтесінің үйінен шығып кетіп, содан бері үйіне оралмаған.

«Баланың ата-анасы қайтыс болған. 2019 жылдың басынан бастап «Жанұя» балалар үйінде тәрбиеленіп келеді. Демалыс күндері баланы тәтесі алып кетіп жүрген. Бұл жолы да тәтесі 15 қарашада баланы интернаттан алған, 17 қарашада қайта апаруы тиіс болған. Бірақ бала үйден қашып кеткен», – дейді Алматы қалалық полицияның жасөспірімдер ісі бойынша полиция бөлімінің бастығы Лейла Әліпбаева.

Баланы іздеу мақсатында құрылған шұғыл іздестіру тобына криминалды, ювеналды полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, «Қоғам» қорының белсенділері кірген. Олар баланың түр-сипаты туралы хабарламаны қаланың барлық аудандарына таратқан.

Ескеретін жайт, баланың бетінде секпілі көп, саусағында қалы бар. Үстінде сұр жемпір, ақ жеңді қоңыр күртеше, аяғында қара кроссовки болған.

Баланы көрген-білген жандар болса, 102 немесе 8-702-500-09-32 нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.