$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.12.2020, 03:28
Оқиғалар

Нұр-Сұлтанда сатушыны тонаған азаматтың әрекеті видеоға түсіп қалды

Ұрлық жасаған азамат дүкеннің 33 жастағы тұрақты клиенті болып шыққан

Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық полиция басқармасының қызметкерлері екі ұялы телефон ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады. Ұрлық жасалғаны жөнінде полицияға азық-түлік дүкенінің сатушысы хабар берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әйел адамның айтуы бойынша сатып алушы сатушының үй-жайды жуып-жинап жатқан сәтін пайдаланып, сөредегі «Самсунг» және «Нокиа» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен.

Ұрының іс-әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ұрлық жасады делінген азамат дүкеннің 33 жастағы тұрақты клиенті болып шыққан», - дейді полиция өкілдері.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полицейлер ұстаған ер адам мойындау айғағын берді.

Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы бойынша («ұрлық») сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті құнды заттарды қараусыз қалдырмауды және күдікті адамдарға назар аударуды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары