ШҚО-да әйел адам құдыққа құлап, бірнеше сағат тұрып қалған

Құдықтар көктемнен бері ашық жатқан

ШҚО-да әйел адам құдыққа құлап, бірнеше сағат тұрып қалған

Өскеменде беті ашық қалған құдыққа жергілікті тұрғындардың бірі құлап кетті, деп жазады YK-news.kz. Бірнеше сағат бойы көмек шақырған әйелдің дауысын сол маңдағы адамдар естіп қалып, оны шығарып алған.

«Біз біреудің айқайын естідік, одан кейін қоршаудың артына секіріп, көмек беруге тырыстық. Бұл сұмдық! Құдық терең болғандықтан, ересек адам да өздігінен шыға алмайды», - дейді Өскемен Юлия Шереметьева.

Белгілі болғаны, құлаған әйел суық құдықта 3 сағат отырған.

Көктемнен бері ашық жатқан құдыққа байланысты қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі түсініктеме берді.

«Кузнечная көшесіндегі люктерді мердігер ұйым 2020 жылдың жазында орнатқан. Люктің қақпағы ұрланған сияқты. Енді оның бетін жабу қолға алынды», - деді ТКШ бөлімінде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.