$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.12.2020, 00:47
Оқиғалар

Таудан табылған алматылық жігіт қайтыс болды

35 жастағы ер адам шатқал ішінен аса ауыр халде табылған болатын

Таудан табылған алматылық жігіт қайтыс болды
Видеодан кадр

Алматыдағы тау шатқалында екі күн бұрын тауда жоғалып кеткен ер адам 14 желтоқсан күні ауыр халде табылған болатын. 35 жастағы жігіт тау бөктерінен тасымалдау кезінде жантәсілім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәлім еткендей, құтқарушылар зардап шеккен адамды тапқан сәттен бастап, жедел медициналық жәрдемге табыс еткенге дейінгі тасымалдау уақыты шамамен бес сағатты алған.

«Құтқарушылар зардап шеккен адамды жаяу қауіпсіз жолмен Құмбелсу өзені арқылы өтетін көпірге тасымалдады. Ол уақытта ер адамның жағдайы ауыр болған болатын. Сағат 20.45-те 1985 жылы туған азамат жедел медициналық көмек бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне жеткізілген еді.

Екінші іздеу-құтқару тобында болған Апаттар медицинасы орталығының дәрігері ер адамның қайтыс болғанын анықтады», - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Еске салсақ, 12 желтоқсан күні таңғы сағат 7-де Ерман Бәйменовтің тауға кетіп, қайтып оралмағаны туралы жазған болатынбыз. Қалыңдығы жас жігіттің тауға жалғыз кеткенін, себебі баратын бағытын жақсы білгенін, алайда қайтар жолда қараңғы түсіп кеткендіктен адасып қалғанын мәлімдеді. Ерман Бәйменов сол күні кешкі сағат 18.47-де төтенше жағдайлар қызметіне хабарласып, көмек сұраған.

Екі күн іздеген құтқарушылар 14 желтоқсан күні сағат 15.50-де 1985 жылы туған зардап шегушінің Құмбелсу өзенінің шатқалынан табылғанын хабарлаған.

«Ер адамның жағдайы аса ауыр. Оны тасымалдау жұмысы тәуліктің қараңғы мезгіліне және тау беткейінің қауіпті, тік болуына байланысты қиындады. Құтқару жұмыстары шамамен бірнеше сағатқа созылады», - деп мәлімдеген болатын Талғат Уәли.

Серіктес жаңалықтары