$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.12.2020, 12:14
Оқиғалар

Топардағы қайғылы апат: Жеңіс Қасымбек барлық жылу станциясын тексеруді тапсырды

Апат салдарынан бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жатқызылды

Топардағы қайғылы апат: Жеңіс Қасымбек барлық жылу станциясын тексеруді тапсырды
скриншот: видео

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Топардағы МАЭС-2 оқиғасынан кейін барлық жылу және энергия көздерінің жай-күйін қайта тексеруді тапсырды.

«Энергетикалық қадағалау департаментіне облыстағы барлық жылу электр станцияларына қайта тексеру жүргізуді тапсырамын», - деді өңір басшысы.

Еске сала кетейік, 13 желтоқсанда Абай ауданында «Каzakhmys Еnеrgу» ЖШС Топар-2 МАЭС-де №14 қазандықтың бу құбыры жарылған болатын. Төтенше жағдай салдарынан бір адам қаза тауып, күйік шалған үш адам ауруханаға жатқызылды.

Оқиға Абай қаласы мен Топар кентін жылумен және электрмен жабдықтауға әсер еткен жоқ. Станцияда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның себептерін тексерумен жұмыс комиссиясы айналысады, ол 10 күндік мерзімде қорытынды беруі керек.

Абай ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта зардап шеккендердің бірі үй режиміне шығарылды, екеуі ауруханада емделуді жалғастыруда.

Жеңіс Қасымбек Абай ауданының әкіміне МАЭС басшылығымен бірге қаза тапқан және зардап шеккен қызметкерлердің отбасына барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары