$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.12.2020, 11:54
Оқиғалар

Кентауда ер адам учаскелік полиция инспекторына шабуыл жасады

Күдікті қамауға алынды

Кентауда ер адам учаскелік полиция инспекторына шабуыл жасады
көрнекі фото

Кентау қалалық полиция бөлімінің учаскелік полициясына қаладағы кафелердің бірінде мас болған келушінің өзін әдепсіз ұстап, тәртіп бұзып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы polisia.kz хабарлайды. 

Полицей Ақұлан Алдамжаров көрсетілген мекенжайға шұғыл жетіп, мас күйде болған ер адамның заңсыз әрекетін тоқтатуға кіріседі. Алайда, бұзақы тұрғын тәртіп сақшысының заңды талаптарына бағынбай, әдепсіз сөздер айта бастайды және полиция қызметкерінің бетіне соққы жұмсаған. Осылайша билік өкіліне қатысты күш қолданған күдікті ұсталып, қалалық полиция бөліміне жеткізілді.

«Қазір аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 1-бөлігі (Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама қорытындысына сәйкес, полицейдің денсаулығына жеңіл зиян келтірілген», - делінген хабарламада.

Күдікті теріс әрекетін мойындап, қамауға алынды. Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталады.

Серіктес жаңалықтары